28-қаңтар. Turaninform. ҚР президенті Қ. Тоқаевтың сөзінше, депутаттардың қоғамдағы абыройы өз деңгейінде емес. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде Төраға болып сайланған ол бұл туралы былай деді: “Әзірге біздің депутаттардың азаматтар арасында лайықты беделі жоқ. Бұл қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде айқын көрінді.”
Сонымен қатар, ол Қаңтар оқиғасындағы бейбіт митингті радикал күштер пайдаланып кетті деп атады. Саяси бәсекелестік туралы да ой қозғады. Партияның жаңаруы тиіс екендігін де тілге тиек етті. «Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта оралуымыз мүмкін», – деді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР