3-наурыз. Turaninform. Қ. Нұрғали. БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейді айыптап, соғысты тыйып, әскерін Украинадан толығымен әкету туралы ҚАРАР қабылдады. Қарарды 141 мемлекет қолдаған. 35 ел қалыс қалыпты. Соның ішінде Қазақстан да бар. Ал, 5 мемлекет қарсы дауыс берген: артта қалған Эритрея, Сирия секілді елдер. Ресей осындай елдердің “көршісі” болып қалды.
Қарарды дайындаған АҚШ, Албания делінеді. Сонымен қатар, соавтор ретінде жүздей ел бар.
Украина президенті В. Зеленский жақтап дауыс бергендерге алғысын білдірді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР