17-маусым. Turaninform. Әлем бойынша әскери бюджет көлемінен абсолютті бірінші орындағы АҚШ бұл салаға бөлінетін қаржыны әрі қарай да өсірмек. Бюджет жобасына сәйкес, келесі жылы қорғаныс саласына $847 миллиард бөлінуі мүмкін. Бұл биылғы әскери бюджетінен ондаған миллиард АҚШ долларына көп.
Келесі жылға арналған әскери шығынының әжептәуір бөлігін Украина алып тұр. Осы күнге дейін де Украинаны құны миллардтаған АҚШ доллары болатын түрлі қарумен қамтамасыз етті.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР