АҚШ: Украинаға қарсы Ресей ядролық қару қолданса, соңы ауыр апатқа апарады

АҚШ: Украинаға қарсы Ресей ядролық қару қолданса, соңы ауыр апатқа апарады

26-қыркүйек. Turaninform. АҚШ президенті кеңесшісі Д. Салливанның сөзінше, Ресей Украинаға қарсы ядролық қару қолданса, Кремль үшін соңы ауыр апат болады. Сол елдің Мемлекеттік хатшысы Э. Блинкен сөзі де осы сарында шықты. Ол, егер, Ресей Украинада атом бомбасын жарса, аяғы қайда соғатынына қатысты былай деп ескеткен еді: «Иә, салдары қорқынышты болатынын Мәскеу біздің өз аузымыздан естуі, білуі өте маңызды». Әрі Ақ үй жоспары дайын екенін де мәлімдеді.

Ресейдің ядролық қару қолдануды ашық қозғауы тағы жиілеп кетті. Соңғы уақытта Украина ресейлік агрессорларды өз территориясынан ығыстырған үстіне ығыстыруда. Дегенмен “референдумнан” кейін қалай болатыны белгісіз…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0