12-қазан. Turaninform. Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды. Еуразия елдерінің бірнеше басшысы қатысқан халықаралық іс-шарада Қ. Тоқаев былай деді: “Бүгін біз бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс пен әлемдік экономикадағы күшейе түскен дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Бұл құбылыс қазірдің өзінде «жаһандық дисфункция» деп аталды. АӨСШК-тің бұған дейінгі 2019 жылы өткен саммитінен бері әлемдік қоғамдастық ауыр сынақтарды бастан өткерді. Оның салдары жаһандық дамуға әлі де әсер етіп отыр.”
БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерриш мырза саммитке қатысушыларға бейнеүндеу жасады. Сонымен қатар, шет мемлекеттердің басшылары да сөз алды.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес 1999 ж. құрылған.
Фото: Ақорда
ПІКІРЛЕР