Астана мектебінде “Тұғыры биік – туған жер!” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Астана мектебінде “Тұғыры биік – туған жер!” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 Жылдар салып, алғаш рет қайта аталып өткелі отырған Республика күніне орай, Астана қ. Ф. Оңғарсынова атындағы 77-мектебінде “Тұғыры биік – туған жер!” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қонақтары ретінде ҚР Білім беру ісінің үздігі, оқу-ағарту саласының қайраткері Қ. Жұмашев және Turaninform ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы, педагог-журналист Қ. Қалмахан қатысты.

 Мектептің жетекші ұйытқысы – директоры Г. Пердебайқызы іс-шараны аша отырып, кейінгі ұрпаққа мазмұнды сөздерін арнады. Сонымен қатар, Қ. Қалмахан, Қ. Жұмашев мырзалар оқушылармен бірге білім бері ісіндегі ғана емес, қоғамдағы кей түйткілді тақырыптарды да талқыға салды. Мұғалімдер де өз көзқарастарын білдіріп жатты.

 Осындай мерекелік іс-шараның ұтымды ұйымдастырылуында мектеп директоры Гүлжамал ханыммен қатар, әкімшілігі, мұның ішінде жүргеновтанушы ғалым, айтулы педагог әрі ақпарат саласының тәжірибелі қызметкері Бауыржан мырза Сәбитұлының, тәрбие ісі бойынша орынбасары Мақсат мырзаның еңбектері де жатқаны белгілі.

 Мазмұны терең кездесулер әрі қарай да барынша кеңінен өте бергені жөнірек деп санаймыз. Себебі, бүгінгі  оқушылар – ертеңгі Қазақстан. Ал, алдыңғы буынның оларға жөн сілтеуі – жазылмаған парызына жатса керек.

 Қ. Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0