12-қараша. Turaninform. Екі күн бойы өткен халықаралық конференцияда астық, ұн, дәнді дақылдар, солардан алынатын майлар т.б. ауыл шаруашылығы өнімдерінің жай-күйі сөз болды. Қазіргі геосаяси жағдайдағы экспорт-импорт мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, еліміздегі логистикалық ахуал да талқыланды.
Жұрт назарын аударған тақырыптардың бірі ел астығы мен ұны болса керек. Қазақстан астық өңдеушілері одағының басшысы Ә. Талғатбек мырзаның сөзіне қарағанда, жыл сайын бидай контрабандасы кесірінен 500 млн АҚШ доллары көлемінде мемлекетіміз зиян тартады екен. Әрі экспорттық қолдау да мардымсыз. Ал, шетелге ұн сату былтыр әжептәуір төмендегенімен, болжамға сәйкес, биыл 1, 85 млн тоннаға жетуі мүмкін екен.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР