Asia agro форумында маңызды тақырыптар қозғалды

Asia agro форумында маңызды тақырыптар қозғалды

7-желтоқсан. Turaninform. Астанада “Asiaagro. Өңдеу 4.0” форум-көрмесі өтті. Төртте нөл дегеніміз – әлдебір футбол ойынындағы сияқты ұпайды көрсетіп тұрған жоқ, әрине. Бұл индустрияландырудың төртінші кезеңін білдіреді. Сол арқылы адамзаттың даму қарқынынан ауыл шаруашылығы қалмасын дегенді меңзейді.
Агроиндустрия компаниясы ұйымдастырған халықаралық іс-шарада маңызды тақырыптар қозғалды.
Mәселен, Мealpro ЖШС-нің бас директоры Б. Құдабаевтың “Aitas” құс шаруашылығымен бірігіп жасап жатқан жобаларының мемлекеттік маңызы бар. Аталған компания құстың нәжісінен тонналап тыңайтқыш дайындаудан бөлек, мысық, балық т.б. жем де шығаруды жоспарлап отыр екен. Тіпті болашақта тауықтан адамдарға арналған биологиялық белсенді қоспалар жасауды да көздеуде.

Бұдан бөлек, тың жобалар ұсынылды. Егер, инвесторлар мойнын бұрып, қаржысын салса, ауыл шаруашылығы саласында түрлі жаңалықтар болуы мүмкін. Алдағы уақытта.

Агроиндустрия директоры Н. Мұхамеджанов мырза мұндай алаң, Қазақстан секілді, агроиндустриалды дамуды мақсат еткен ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ал, үкімет осындай іс-шараларды қолдап отырса дейміз…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0