Әке туралы бір үзік сыр…

Әке туралы бір үзік сыр…

Әке. Бұл ардақты атауға тәртіп те, тәрбие де сыяды. Үлгі де, үміт те. Ойланған жанға мұндайда перзент парызы да сабақтаса шыға келеді.
Марқұм әкемнің бала кезі соғысқа тұспа-тұс келді. Әкесі – Нұрғали соғысқа аттанғанда, анасының құрсағында айы-күні таяп қалған…
Сондықтан да өмірінің соңына дейін Нұрғали әкесін балалық аңсаумен кетті. Сырт қарағанда, сонша жаста әкесін іздегендей көңіл біртүрлі көрінгенімен, мұның астарында адам жаратылысына біткен әлдебір жарасымдылық жатса керек.

Марқұм әділ болатын. Түзде де, үйде де. Мектеп директоры болып тұрған кезі еді. Бір сәті түсіп, өзі отырғанда директор бөлмесіне кірсем…баланың сол кездегі қызықтары – ләңгі, пугач т.б. тұр екен. Шыны шкафта. Марқұм ұсынбады. Мен де сұрамадым. Мұның өзі ол кісінің әділдікті, тәртіпті барлығына ортақ деп қарағанының бір көрінісі болса керек. Әйтпесе, болмағанда, ләңгіні бере салар ма еді.

Әділдігіне, қойған тәртібіне, берген тәрбиесіне қатысты біраз естелік бар. Дегенмен осы бір өмір үзігімен тәмам еткен жөн болар.

 Қ. Қалмахан, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, экономика магистрі     

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0