С. Уйгун: Біздің тұрғын үй кешенінің барлығы премиум санатына жатады

С. Уйгун: Біздің тұрғын үй кешенінің барлығы премиум санатына жатады

Қазақстан мен Түркия арасы тығыз байланыста ғой. Әсіресе, құрылыс, туризм, қызмет көрсету саласы. Осыған орай, елімізге өз қызметтерін таныстыруға келген «Serdar Uygun» инвестициялық құрылыс компаниясының басшысы С. Уйгун мырзадан шағын сұхбат алып, соны назарларыңызға ұсынудамыз.  

Құрылыс компаниясы қашан құрылды? Неше адам жұмыс істейді?

– Аланияда, 2005ж. құрылды. Ғимараттар, соның ішінде тұрғын үй кешендерін салумен айналысамыз. Риэлтор қызметін пайдалана бермейміз. Тіке сатылым жасалады.

Құрылыс басшылығында жүргендерді қосқанда, 300 адамға жетеді.

Үйді қарызға, яғни, бөліп төлеу жолымен бере ме?

– Иә, 20-30% алдын ала төлем жасауы тиіс. Компания төлем қабілетін, үш ай сайын қарап, бақылап отырады.  Соған сәйкес, жиырма айға дейін созылуы мүмкін. Барлығы арнайы құжаттық келісімдердің шеңберінде жүреді.

Құрылыс заттары мен техникалары Түркияның өзінікі ме?

– Иә, Түркияның өзінікі. Сонымен қатар, кей заттар Еуропадан әкелінеді. Премиум сападағы тауарларды қолданамыз. Сонымен қатар, қандай құрылыс заттарымен жасауды қаласа, келісім­-шартта сол көзделеді және пәтер иесіне сондай қылып жасап береді.

– Неше пайызын төлеген кезде, өзінің атына аудара алады?

– 40-50%-ын төлесе, ресми қожасы болады. Атына береміз. Халықаралық стандарттағы келісім-­шартқа сай.

Қазір салынып жатқан үй теңізден 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Супермаркет, түрлі бақшалар бар. Екі сағатта сайын автобус тегін апарып отырады. Теңіз жағасында арнайы жағажайымыз да бар. Біздің тұрғын үй кешенінің барлығы премиум санатына жатады.

– Сатып алып жатқандар арасында қазақстандықтар көп пе?

– Біздің салып жатқан үйлерді түркиялықтар ала бермейді. Негізінен Германия, Қазақстан, Ресей азаматтары. Қазақстандық клиенттеріміз көп. Бауырлас елдерміз. Сол себепті бір­-бірімізді жақсы көреміз…

 Қ. Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0