Қытайдағы наразылық: “Си Цзиньпин, кет!”

Қытайдағы наразылық: “Си Цзиньпин, кет!”

28-қараша. Turaninform. Өткен айда ғана қайта бес жылға Қытайды басқаруға мүмкіндік алған Си Цзиньпинге қарсы ұран көтерілді. Ультратоталитарлы мемлекетте бұрқ ете қалған наразылыққа “Ақ парақ төңкерісі” деген атау беріп те қойды. Шыңжаң, Пекин, Гуанчжоу т.б. қалаларда, аймақтарда мыңдаған адам наразылыққа шығып: “Си Цзиньпин, кет!”, “Сөз бостандығы” т.б. деп ұрандатты.
Наразылық Үрімшідегі көпқабатты үйде өрт шығып, антиковидтік карантин кесірінен сыртқа шыға алмай, он адамның қаза табуынан кейін лап етті. Дегенмен қытайлық билік болған оқиғаға қатысты, шындыққа сәйкеспейді деп жауап берді. Ал, көшелерде телефондарды қатаң тексеру: наразылық акциясына қатысты фото, бейне т.б. бар ма деп қарауда. Ресми БАҚ, әдеттегі тоталитарлы елдердегідей, ақпарат таратпаған.
Қытай халқы түрлі саяси талап қоймағалы неше жыл өтті.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0