20-наурыз. Turaninform. Португалия астанасы Лиссабонда мыңдаған адам наразылыққа шықты. Олар жалақы мен зейнетақыны көтеруді талап етті. Аталған елде инфляция қаңтарда 8%-дың үстінде болды. Сонымен қатар, жыл басында мұғалімдер де ереуілдеткен еді.
Бұл ел Еуропадағы әлеуметтік жағдайы осалдау санаулы елдердің бірі. Төменгі жалақы – 681 еуро. Қазақстанның ұлттық валютасына шаққанда, 330 мың теңгеден асады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР