“Адам және қоғам” пәнін қайтару қажет…

“Адам және қоғам” пәнін қайтару қажет…

Әр пәннің өз мінезі, табиғаты бар.  “Адам және қоғамға” тұйықтықтан гөрі ашықтық, саяқ жүруге емес, қауымдаса өмір сүруге шақыру, сөйте тұра салмақты ойлауға жетелеу тән.  Отбасылық жауапкершілікті қозғайды. Азаматтық көзқарасын ұштауға да әсер етеді.
Жоғары сынып оқушысы не колледж студенттері қоғамның бір мүшесі екенін керемет сезініп, түйіп кетпесе де, санасынан саңылау ашып, көкірегіне сәуле түсіруге себеп бола алатын тақырыптары бар.
Осы күні оқушылардың арасында өзімшілдік, агрессиялық мінез, теріс пиғыл жайылып барады. Онлайн ойындардан бас алмайтындар үйді былай қойғанда, көшенің де бір көрінісіне айналды. Мына пән соған да тосқауыл қоюға әсер етеді.
Әрине, тақырыптарын таптаурын, әрі өмірден алыс етпей, керісінше, тығыз байланыстыра түрлендіру керек.
“Қазақстан тарихы”, “Әлем тарихы” және “Құқық негіздері” пәндері “Адам және қоғамның” табиғатын толық аша алмайды. Тіпті тақырыптарында кей ұқсастықтары болса да.
Мысалы, жылы су да, мұз да – түбі бір: H²O. Сөйте тұра, екеуінің әсері екі түрлі. Бұл да сол сияқты…
Мен “Қазақстан тарихынан” да, “Адам және қоғамнан” да, “Құқық негіздерінен” де студенттерге сабақ бердім. Сондықтан да жұмыс тәжірибемнен түйіп жаздым.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі кезінде кеткен үстір шешімді түзеп, пәнді жаңа мазмұнда байытып, қайта оралтады деген ой бар.

 Құрманғали Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0