Ресей: әскери бүліктен Азамат соғысына дейін…

Ресей: әскери бүліктен Азамат соғысына дейін…

Осыған дейін Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысында үлкен қолшоқпар болып келген “Вагнер” жеке әскери компаниясы Кремль қожасының өзіне ұмтылды. Ашық қарсыласу 23-маусымда Ресей Қорғаныс министріне қарасты күштер Украинада тылдан “вагнерліктерге” соққы бергеннен кейін лап етті. Бұған дейін де арасы қоңырсып жатқан. Содан бүгін “Вагнер” басшысы Е. Пригожин Ресейдің оңтүстік шекарасын кесіп өтіп, Ростов қаласын оңай алады. Өзі “Әділдік маршы” деп атаған әскери жорығын Мәскеуге жасамақ. Арғы-бергідегі Ресей тарихындағы ірі саяси оқиға хронологиясы төмендегідей:

● Ресей диктаторы “Вагнер” әрекетін әскери бүлік, сатқындық деп атап, оларды жоюға бұйырды. Е. Пригожиннің  жауабы дайын тұр екен: В. Путин сатқындық деп тым қателескенін, елі жемқорлықтан, жаппай алдау мен бюрократиядан әбден мезі болғанын айтты. Сөзіне қарағанда, құлдық ұрып Кремльге алдына бармайды.

● Президент, премьер-министр, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары т.б. биліктің ұшар басындағылар Мәскеуді тастап, тым-тырақай қашып кеткен көрінеді.

● “Вагнерліктер” Мәскеуден 100 шақырымдай жерде деген қауесет тарады. Дегенмен жолдарды билік күштері жауып тұр.

● Әскерилер арасында “вагнерліктер” жағына шыққандар бар.

● Әзірге Түркия Ресей билігіне көмек беруге ыңғай білдірген. Қазақстан ұстанымы ішкі ісің дегенге сайды. Ендігісі Беларусь. Бірақ, бұл елдің билігі де әзер тұр. Опырып көмектесуі екіталай. Алыстағы Өзбекстан мен Қырғызстан ше? Ал, “Шахедпен” жарылқап жатқан Иран әзірге бейтарап саясатта. Қытай да әзір үнсіз…

Е. Пригожин халықты соңынан ертіп кете ала ма? Әлде, орталық билікті бірден ауыздықтауға ұмтыла ма? Ресми күштер – росгвардия, ФҚҚ, арнайы жасақтар, полиция қай бағытты таңдайтыны не көбісі қай жағында күресетіні саяси жағдайды анықтайды. 1-2 күнде біраз нәрсе анықталып қалса керек.
Ресей өзін-өзі батпаққа батыруда.

 Қ. Қалмахан

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0