25-мамыр. Turaninform. Украинаға агрессиялық соғыс ашқан Ресейдің әскери шығыны жарты миллионнан асты. Иә, бұл жерде жараланғандары да есепке алынған. Сондай-ақ, украиндер орыстардың күніне 30-40 артиллериясын, 10-15 танкін, 10-20 әскери бронемашинасын қиратуда, істен шығаруда. Бүтіндей соғыс басталған, яғни, 2022ж. ақпанынан бері Ресей 7650 танкісінен айрылған. Бұл бүкіл танк қорының жартысынан асады.
Егер, Қытай, Солтүстік Корея және Иран қару-жарақпен, қару жасайтын шикізатпен жанама да тіке де қолдамағанда, Ресей бүгінгі күнге дейін осындай шығында соғыса алуы екіталай еді (Әрине, бұл Украинаға да қатысты). Қиналары анық болатын. Мәселен, Иран соғыс басынан бері дерлік, ұшқышсыз ұшатын аппараттармен, кейін зымырандармен Мәскеуді қолдап келеді. Солтүстік Корея болса, 11 мың контейнер қару-жарақ жіберген екен. Қалай дегенмен Кремль Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай шығынды көрмеді.
Өкінішке қарай, әлемдік қауымдастық ірі елдерді ауыздықтауда әлсіз екенін көрсетті. Ал, Қытайдан әзірге үміт жоқ. Керісінше, отқа май құйып жатыр.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР