11-тамыз. Turaninform. Еуропалық одаққа ағылған украиндық босқындар әлі толастамаған. 30-маусымдағы мәліметке сәйкес, Еуроодақ аумағында уақытша қорғау құжатын алған украиндықтар саны 4, 07 млн болған. Әрі мамыр айымен салыстырғанда, 45 800 адамға артқан екен. Еуростат ақпараты осындай.
Босқындардың 28%-ы Германияны паналауда. Польшада өмір сүріп жатқандары да аз емес: 24%.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР