15-тамыз. Turaninform. Скафандрсыз адам ғарыш кеңістігіне шығысымен, 10-15 секунд өткенде-ақ есінен танады. Дем алмай тұру да көмектеспейді. Себебі, ауасыз сыртқы қысымнан адам ішіндегі оттегі өкпені жарып жібереді. Еуропалық ғарыш агенттігінің қызметкері Стефан де Мэй осылай деді.
Сондықтан арнайы киімсіз ғарыш кеңістігіне шығуға мәжбүр адам ауаны толтыра жұтып алмай, керісінше, өкпеден газды барынша шығарып жібергені абзал. Десе де, естен танған адамды аман алып қалуға мүмкіндік бар делінеді. Әрине, уақытты тым жоғалтып алмаса…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР