Швейцарияда 380 мың шетелдік жұмыс істеп жатыр

Швейцарияда 380 мың шетелдік жұмыс істеп жатыр

21-тамыз. Turaninform. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің бірі Швейцарияда, соған көрші елдердің 380 мың азаматы жұмыс істеп жатыр. Олардың көбісі таңертең шекара асып, жұмысын істеп, кешке еліне қайтатын көрінеді. Thelocal.de ақпараты осындай. Ең көбі Франциядан: 222 мың. Сонымен қатар, итальяндықтар мен немістердің де қарасы қалың. Германия азаматы Швейцарияда аптасына үш-ақ күн жұмыс істеп, 3 000 еуро алатынын айтады.

Бұл елге көрші мемлекет тұрғындары ағылуының басты себебі – жалақы. Әрі жұмыс істеуге қолайлырақ жағдай жасалған делінеді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0