24-қаңтар. Turaninform. Әзірге АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің дінді жамылған радикалдары – хуситтер шабуылына ұшыраған Қызыл теңіз жолын әлі аша алмауда. Бұл бағыт – экономиканың бір күретамыры саналады. Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, әлемдік сауданың12-19%-ы осы теңіз жолына тиесілі. Қазіргі таңда аталған сауда жолын хуситтер атқылауы салдарынан контейнермен жүк таситын кемелер Африканың сонау оңтүстік мүйісін айналып өтуде. Еуропаға шикізат пен түрлі тауарлардың әжептәуір бөлігі осы жолмен келеді. Тіпті сырттай бақылап отырған Қытай мен Ресей де бұл жолдың жабылуынан шығын тартуда.
Аймақтағы әскери қақтығыс немен бітері белгісіз.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР