Пәкістанның Өкілетті Елшісі: Қазақстан Араб теңізіне шығуы үшін еліміз ең қысқа жолды ұсынып отыр

Пәкістанның Өкілетті Елшісі: Қазақстан Араб теңізіне шығуы үшін еліміз ең қысқа жолды ұсынып отыр

Пәкістан 240 миллионнан астам халқы бар әлем бойынша ірі елдердің бірі. Аймақ саясатында салмағы бар мемлекет. Ал, экономикалық тұрғыда үлкен нарығы бар ел.
 Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынасы сонау тоқсаныншы жылдардың басында басталды. Содан бері арасынан қара мысық өткен емес, керісінше, екі жақ әрі қарай өзара байланысты арттыруға мүдделі екені байқалады.
 Осы орайда, келгеніне жыл толмаған, Пәкістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Науман Башир Бхатти мырзамен сұхбаттасудың сәті түсті. Оқып шықсаңыздар…

– Науман мырза, Қазақтанға бірінші рет келгендегі және қазіргі әсер қандай? Екі халық арасындағы ұқсастықтықтар қандай? Ерекшеліктер туралы не айтасыз?

Қазақстан – дәстүрі мен мәдени мұрасы бай өте әдемі ел. Қысқа уақыт аралығында  қол жеткізген даму және экономикалық өркендеу деңгейі таң қарарлық. Қазақстан жерінің көлемі жағынан ауқымды мемлекет екенін ескере отырып, жердің алуан түрлілігін өз көзіммен көру үшін барлық аймақтарын зерттегім келеді.

Қазақ халқы біз үшін бауырымыз сияқты. Екі халықтың өзара тарихи, мәдени және діни жағынан жақындықтары да бар. Қазақ халқының қонақжайлылығы пәкістандықтарға тіпті ұқсас.
Ерекшеліктеріне келетін болсам, тағамында болуы  керек. Пәкістанда дәмдеуіштерді көбірек пайдаланамыз және әр субөңіріңтағамдары мен дәмдерібөлек.

Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақ халқын біздің қонақжайлығымыз, тағамдарымыз және  керемет көріністерін тамашалау үшін Пәкістанға шақырғым келеді.  Қазақтар үшін виза алу қиынға түспейді, сонымен қатар қазіргі таңда  Пәкістанның мәдени астанасы Лахор қалаасы  мен Алматы қаласы арасында тікелей рейстер қатынап жатыр.

– Пәкістан халқының ұзақ уақыттан бері келе жатқан ұлттық тағамдары туралы әңгімелесеңіз.

 Пәкістан асханасы Оңтүстік Азия, Орталық Азия және Таяу Шығыстың асханасының үйлесімінен ықпалын бойына сіңірген бай және алуан түрлігімен белгілі. Алуан түрлі тағамымен танымал.

Күріш негізінде дайындалған тағамның бірі- Бирья́ниBiryani(хош иісті күріш, жұпар иісті дәмдеуіштермен қатар әдетте тауық және қой етінен жасалады) және ПулаоPulao(бұл тағам түрі біздегі қазақстандағы палауға ұқсас келеді).

Тұздық тағамдарға келсек, біздегі Нихари (Nihari, сиыр немесе қой етімен қатар, дәмдеуіштер қоспасымен баяу пісіріп,бұқтырылатын тағам. Ең қызығы, бұл тағам тек түскі немесе кешке асқа ғана емес, таңғы ас ретінде де ұсынылады) және Халеем (Haleem құрамында жасымық, бидай, арпа және еттің қою бұқтырмасы барбаппен, баяу пісірілетін тағам) тағамдары ойға оралады.

Кәуаптардың да саны көп, ең танымал кәуап түрі негізі Хайбер-Пахтунхва провинциясынан алынған Чаппли (Chappli Kebabs) кебабтары. Олар тартылған ет, түрлі хош иісті қоспалар қосылған жалпақ, дөңгелек болып келеді. Бұл кәуаптарды  нан немесе райтамен (йогурт негізінде жасалған  салат) қосып беруге болады.

Сонымен қатар бізде таңғы асқа арналған Халва пури (Halwa Puri) және Самоса (Samosa), Роллс және Гол Гаппай (Rolls, Col Gappay) сияқты өзге де жеңіл тағамтүрлері бар.

Өзіңіз көріп отырғаныңыздай, Пәкістанның әр аймағына тән өзіндік ерекше тағамдары бар.

– Халықаралық татулықты сақтауда қандай саясатты берік ұстанасыздар?

Пәкістан БҰҰ Жарғысында көзделген негізгі, атап айтқанда, халықтардың өз саясатын өзі анықтауы, күш қолданбау немесе оны қолданамын деп қорқытпау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмеу, дауларды бейбіт жолмен шешу т.б.принциптерін  ұстанады және әрі қарай ұстануды жалғастырады. Сол сияқты, Пәкістан барлығына арналған тең тұтас қауіпсіздік принципін ұстанады. Біз аталған қағидалар құрметтеліп, дәйекті сақталуы тиіс деп есептейміз.

Пәкістан елдер арасындағы қақтығыстардың әділ және нақты шешу жолдары тұрақты диалог пен дипломатия негізінде ғана шешіледі деп санайды.

Экономикаға ойыссақ. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық байланысты арттыруда сіздердің тараптан қандай маңызды қадамдар жасалуда?

Қазақстанмен екіжақты сауда-экономикалық байланыстарымыз нығайып келеді. Тұрақты түрде өсіп жатыр. Дегенмен, біздің екі ел арасында берік байланыстың жоқтығы экономикалық әріптестігіміздің әлеуетін жүзеге асыру жолындағы басты кедергі болып отыр.

  Әуе, автокөлік және темір жолдардын қоса алғанда, барлық нысандарда байланысты нығайту –басымдық беретін бағыттарымның бірі болып табылады.

Осы мақсатта Пәкістанның Ұлттық логистикалық корпорациясы Ауғанстан және Қытай арқылы Қазақстанға жүк тасымалдау үшінөз жұмысын бастады.Бұл автокөлік арқылы жүк тасымалдау қауіпсіз және қолайлыжолдарын ұсынады. ҰЛК қызметі іске асқаннан бері сауда көлемі айтарлықтай өсіп отыр,бұның кейбір нәтижелеріне көзімізді  жеткізіп те жатырмыз.

 Біздің қаржы институттары арасындағы байланысты күшейту де тағы бір маңызды бағыт болып табылады. Бұл сауда, экономикалық және коммерциялық қызметтің барлық түрлері үшін өте маңызды.

 Екіжақты инвестициялар да әзірге көлемді емес. Біз жақын арада инвестиция кеңейту оның ішінде, Бірлескен кәсіпорындарды қоса алғандағы Өзара түсінушілік туралы меморандумғақол қойдық.  ҚазақстанПәкістанның басымды салаға инвестициялау мақсатындақұрған Инвестицияларды жеңілдету жөніндегі арнайы кеңестен (SIFC) бауырлас ел ретінде  қолайлы мүмкіндіктерді айтарлықтай пайдалана алады.

Екі ел арасындағы сауданы дамыта түсу үшін тиімдірек жол қайсы деп ойлайсыз?

Жоғарыда айтқанымдай, екі ел арасындағы сауданы тиімді дамыту – бұл қауіпсіз, әрі тұрақты байланыс бағыттарын және көлік инфрақұрылымын дамытумен тығыз байланысты. Біз содан кейін бұл жолдарды бөлшек сауда және басқа бизнес түрлері пайдаланып, бірін-бірі толықтыра түсетін сенімді және әртүрлі инфрақұрылымды жасау бағытында жұмыс ақтарып жатырмыз.Бұл бізге екіжақты сауданың бар көлемдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Екі ел банктерінің өзара тікелей қаржылық байланыстарын дамытуы да маңызды болып табылады.

Пәкістан да мол астық өндіретін елдердің бірі екені белгілі. Десек те, Украина мен Ресейден бидай импорттап жатасыздар. Олай болса, олардан әжептәуір жақын Қазақстанның бидайы мен ұнын импорттауға не кедергі?.. Себеп неде?

Пәкістандықтар үшін бидай мен ұн негізгі азығы болып табылады. Шамамен 240 миллион халқымыздың сұранысын, жергілікті агроөндіріс, бірқатар себептерге байланысты, әсіресе ауа райының құбылмалы болуына байланысты
қанағаттандыра алмайды.

Пәкістан бұрыннан бері астықты Украинадан импорттап келеді. Ол теңіз арналары арқылы жүзеге асырылып, көп мөлшерде импортталғандықтан,  экономикалық тұрғыдан үнемді болып табылады. Сонымен қатар Пәкістан өткен жылы да G2G негізінде Ресейден ұқсас жолдармен астық импорттады.

Біз Қазақстаннан астық импорттау жолдарын зерттеп көрдік. Дегенмен, құрлықтағы логистикалық шығынның көлемі өте жоғары,  бұл тұрғыда бәсекеге қабілетсіз болып отыр.

Егер логистикалық шығындарды азайту және G2G импортын реттеу мүмкін болса, Пәкістан астықты Қазақстаннан импорттауды қарастыр алады.

Пәкістанда өндірілген нақты қандай тауарларды Қазақстан қайта экспорт арқылы қымбат бағаға сатып алуда? Тікелей алу үшін қандай жолдар бар?

Біз Пәкістаннан Қазақстанға хирургиялық құралдар қайтаэкспортталып жатқандығы туралы ақпарат алдық. Дегенмен, Қазақстандағы құзырлы органдар осы ақпаратты растағаны дұрыс болар. Біздің хирургиялық құралдардың сапасы өте жоғары және дүние жүзі бойынша экспортталатындығын айта кету қажет. Олар көбінесе Сиалкот деген  қалада өндіріледі. Сиалкотта қазірдің өзінде хирургиялық құралдарды өндіру бойынша жөнге салынған кластері бар.

Пәкістандағы жеке компаниялармен Қазақстан арасында бірлескен кәсіпорындар ашу, өндіріс көлемін ұлғайтып,  Пәкістаннан экспорттау сонымен қатар ЕАЭО-қа шығуды не әрі қарай да кеңейту мәселелерін қарастыруға болады. Модельді Пәкістанда өндірілген және өндірілген өнімдердің кең ауқымы үшін пайдалануға болады.

Пәкістаннан Қазақстанға, келісілген бірлескен кәсіпорын сипатына қарай, білікті жұмыс күші де әкелінуі мүмкін. Бұл екі елдің қуатты және тиімді жақтарынан пайда табу жолындағы ынтымақтастық көзі.

Қазақстанның, әлі сол жақта жоқ, қандай тауары Пәкістанда жақсы сұраныста болады деп ойлайсыз? Керісінше, Пәкістанның қандай заттары Қазақстан нарығында тәуір өтеді?

Қазақстаннан өнеркәсіп салаларына арналған шикізат, мұнай мен сұйытылған табиғи газ, мұнай-химия өнімдері, бидай мен ас майы Пәкістанда сұранысқа ие.  Қазақстандық экспорттаушылар Пәкістанның Ұлттық логистикалық корпорациясыменсеріктес бола алса, Пәкістанға  экспорттау үшін тиімді және сенімді жолдарын таба алады. Екінші жағынан, Пәкістанның спорттық тауарлары, күріш, шай, манго, мандарин, маникюр және педикюрге қолданылатын заттары, шырындар Қазақстанда өте танымал. Футбол Қазақстандабелсенді айналысатын спорт түрі екендігін білемін.
Пәкістан әлемде өндірілетін барлық футбол добының үштен екісінен астамын көбінесе Сиаткот қаласында өндіретіндігін білу қызық болар. Сиаткот қаласының кәсіпкерлері әлдеқашан Алматы қаласында жұмыстарын бастап, нарыққа тек футбол доптарын ғана емес, сонымен қатар басқа да спорт тауарларын әкеліп жатыр.

Қандай тауарлар, әдетте, Пәкістанда тапшы болып жатады?

Пәкістанда бидай, күкірт, сұйытылған табиғи газ, ас майы, мақта және темір рудасына сұраныс бар.

Қазақстандық бизнес өкілдерін Пәкістан нарығын зерттеп, аталған  тауарларды жеткізуге шақырамыз.

Қазақстан Араб теңізіне Пәкістан арқылы шыққысы келсе, сіздердің тарап не дейді?

Қазақстан Араб теңізіне шығуы үшін Пәкістан ең қысқа жолды ұсынып отыр. Еліміз Қазақстанмен байланысын әртүрлі жолдар және түрлі арналар арқылы нығайтуға дайын. Екі тарап қазірдің өзінде осы мақсатта жұмыс жасап жатыр.
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында екі жақтың халқына және еліне де тиімді мүмкіндіктер жасай аламыз деп сенемін.

Пәкістан үкіметі ҚазақстанғаПәкістан арқылы Арабия теңізіне шығуды қоса алғанда қолайлы орта мен инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады. Мен атап кеткендей, Пәкістан Қазақстанмен барлық салалар бойынша ынтымақтастығын кеңейтуге ынталы.

Халықаралық валюта қоры Пәкістанның биылғы экономикалық өсімі 2,5% болады деп болжады. Бұл 2022ж. көрсеткішінен төмен, былтырғыдан жоғарылау. Әр жылда осындай құбылуына әсер етіп жатқан негізгі факторлар туралы айтсаңыз…

Еш елдің экономикасы оқшау түрде бола алмады: соңғы геосаяси тұрақсыздықтардан, жаһандық экономикалық теріс тенденциялардан. Әлемдік деңгейдегі инфляция және ковидтен кейінгі жағдай –әлемдегі барлық мемлекеттердің  экономикасына әсерін тигізді.

Пәкістан экономикасына 2022 жылы болған Пәкістандағы жойқын су тасқыны да 30 миллиард АҚШ долларынан аса экономикалық шығын әкелгеніне басқа жаһандық факторлар да әсер етті.

Пәкістан елдің алдында тұрған мәселені шешу үшін тиісті және жан-жақты түрлі шаралар қабылдауда.Соның нәтижесінде Пәкістан экономикасы қазір оңды түрдегі тенденциялар мен траекторияларкөрсетіп отыр.

Жастарымыздың ауқымды санын және IT индустриясы, корпоративтік ауыл шаруашылығы,  тау-кен өнеркәсібі және логистика секторларындағы соңғы реформаларды ескере отырып, Пәкістан экономикасы тұрақты және өсу қарқыны жоғары болады деп күтілуде.

Бұл өз тарапында, қазақстандық инвесторлар мен кәсіпкерлерге Пәкістанға инвестиция жасап, жоғары табыс көруге мүмкіндік береді.

Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет!

 Сұхбаттасқан: Құрманғали Қалмахан

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0