27-ақпан. Turaninform. Ауғанстан астанасы Кабул мен Қандағар аймағын атқылаған Пәкістан, екі ел арасында соғыс басталғанын жариялады. Пәкістан тарапы алдымен “Талибан” (Қазақстанда тыйым салынған) билігі соқтығысқанын, соның салдарынан бірнеше әскері қаза тапқанын мәлімдеді. – Олар (Талибан) әлемдегі бүкіл террористерді Ауғанстанға жинап алды. Осылайша, енді терроризмді экспорттауға көшті, – деді Пәкістанның Қорғаныс министрі Х. Асиф. Сонымен қатар, Пәкістан жағы Ауғанстан Үндістанның қуыршағына айналды деген ойда.
Қақтығыс кезінде, 133 ауғандық о дүниеге аттандырылғанын мәлімдеді. Пәкістан билігі. Ауғанстан да, көп пәкістандықты құртып, әскери бекеттерін басып алғанын айтады.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР