11-маусым. Turaninform. Африка пілдері бір-бірін өз есімдерімен шақыруы ықтимал. АҚШ ғалымдары зерттей келе, осындай болжам жасады. Мұны жасанды интеллект көмегі арқылы байқаған. Мәселен, пілдердің ортасында бір піл арнайы дыбыс шығарғанда, барлығы қарамайды екен. Тек біреуі ғана елең етеді.
Ғалымдар пілдердің 469 әртүрлі дыбысын жазып алып, талдаған. Мұның ішінде қайсысы “есімдер” екені, қандай әлеуметтік байланыс кезінде қолданылатыны әлі де зерттеуді керек етеді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР