4-ақпан. Turaninform. Ерте жататындармен салыстырғанда, кеш ұйықтайтындардың инфаркт пен инсультке ұшырау ықтималдық 16%-ға артық. Journal of the American Heart Association осындай ақпарат таратты. Ғалымдар 300 мыңнан аса адамның ұйқы тәртібіне зерттеу жасаған. Бірақ, олардың шамамен 8%-ы ғана “кешкі” адамдардың қатарынан екен. Сонымен қатар, кеш жатудың жүрек-қан тамырларының нашарлауына әкелуі әйелдерде көбірек байқалған.
Қазіргі таңда әлем бойынша жүрек-қан тамырларының ауруынан қайтыс болатындардың саны жоғары. Көрсеткіші үштіктен төмен емес.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР