22-қараша. Turaninform. Ақ үйдің уақытша қожасы мен кей қасындағы жандайшаптар Ресейге бүйрегі бұратыны байқалып-ақ келеді. Ендігі олар Кремль тарапымен 28 жолдан тұратын келісімді талқылауда көрінеді. Соған сәйкес,
Украина Донбасстан толайым бас тартуы, әскер санын екі есеге азйтуы, орыс тілін мемлекеттік етуі т.б. тиіс. Әрі сырттан бітім әскері енгізілмейді және АҚШ қарумен қамтамасыз етуін тоқтатады-мыс.
Бұған Украина билігі үзілді-кесілді қарсы. Еуропаның ықпалды елдері де қолдамайтынын білдірді. Мәселен, Франция да, Германия да бұл жолды Украинаны агрессор Ресей алдында тізе бүктіретін жол деп санады. Не болса да, жақын уақытта белгілі бір бетбұрыстың сұлбасы сызылатын секілді.
Өкінішке қарай, осы айда анықталған Украина билігіндегі сұмдық жемқорлық, Киевтің Ақ үй алдында өсіп келе жатқан белгілі бір беделін түсіріп жіберді. Майдандағы жағдайы да әзір мәз емес. Осындай себептер Украина мемлекетіне одан сайын ауыр соққы болып тиюде.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР