9-маусым. Turaninform. Неміс еліндегі Айзенхюттенштадт қаласы басшылығы жергілікті тұрғындардың санын арттыру үшін екі апта тегін тұруға шақырып жатыр. «Қазір жоспарлаңыз» деп аталатын жоба білікті жұмысшылар мен өзін-өзі қамтамасыз ететін адамдарға арналған. CNN Travel ақпаратына сәйкес, қатысушылар іріктеуден өткесін, 6-20 қыркүйекте жиһазбен жабдықталған үйде ақысыз тұра алады. Уақытша тұрғындарды қаламен таныстыру үшін арнайы іс-шаралар өткізу де жоспарланған.
Айзенхюттенштадт – болат құю зауытымен әйгілі қала. Бір ғана сол өндірісте шамамен 2500 адам жұмыс істейді екен.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР