20-желтоқсан. Turaninform. Ресей президенті өз жұртымен “тікелей байланысқа” шығып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Әрине, Украинаға қарсы ашқан соғысы туралы да сөз етті. Бұған қатысты: “Қырылған (украиналық, ресейлік) адамдар үшін жауаптымыз деп санамаймыз, себебі, соғысты біз емес бастаған”, – деді ол.
Әрі ол Украинаның төрт облысы мен Қырымды ықлым заманнан ресейлік территория санайтынын, сондықтан толығымен басып алмай, соғысты тоқтатпайтынын тағы байқатты. Мұның үстіне ол қазіргі украин билігін ауыстыруды, орыс тілін мемлекеттік етуді, НАТО-ға мүше болуға ұмтылудан бас тартқызуды т.б. талабын орындатуды қалайды.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР