Еуропалық 8 елдің басшысы АҚШ бағытына алаңдаулы

Еуропалық 8 елдің басшысы АҚШ бағытына алаңдаулы

19-қаңтар. Turaninform. Д. Трамптың Гренландияны АҚШ-қа қосып алуға ұмтылуын қолдамай, аралға әскер жіберуі салдарынан, Ақ үйдің 1-ақпаннан бастап 10%-дық баж салығына ұшырайын деп тұрған 8 ел – Дания, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Финляндия, Норвегия және Швеция басшылары алаңдаулы. Олар Д. Трамптың бұл саясаты трансатлантикалық ынтымақтастықты әлсіретіп, АҚШ пен Еуропаның арасын апатты жағдайға душар етуі мүмкін деп мәлімдеді. Ал, Ақ үй қожасының қайтатын түрі байқалмайды. Ол аталған одақтас мемлекеттердің мойнына ілген алымды 25%-ға дейін өсіретінін айтты.

Арктикаға қатысты Ресей мен Қытайдың саясатынан қауіптенген АҚШ Гренландияны $700 миллиардқа сатып алуды көздеп отырған көрінеді. Аралдың әр тұрғынына 100 мың АҚШ долларына дейін ақша беру туралы да әңгіме шықты. Ал, Дания да, Гренландия тұрғындары да АҚШ-тың қазіргі ұстанымына үзілді-кесілді қарсы.

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0