2-мамыр. Turaninform. Еліміз сөз бостандығы бойынша, әлем елдері ішінде 149-орында тұр. Reporters without borders-тің талдау нәтижесі осындай. Қазақстан шекті 100 ұпайдан 34,41 ғана алған. Былтыр 141-орынға шығып, Орталық Азия елдерін бастаған болатынбыз. Осылайша, биыл Қырғыз Республикасын (146) былай қойғанда, Өзбекстаннан (147) да кейін қалды.
Күні кешеге дейін диктатурадан көз ашпаған, жылдар бойы соңғы орындардың бірінде тұрған Сирия да бізден озып, 141-орынға бір-ақ көтерілген. Мәселен, 2024ж., яғни диктатор Б. Асадтың соңғы басқарған уақытында 179-орын (тізімде 180 ел) тиген еді. Бір “одақта” болған, үштікті жапқан Эстониямен салыстыруға тіпті келмейді.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР