Жұмыстағы қысым салдарынан 900 мыңға жуық адам мезгілсіз өмірден өтеді

Жұмыстағы қысым салдарынан 900 мыңға жуық адам мезгілсіз өмірден өтеді
12-мамыр. Turaninform. Құрманғали Қалмахан. Жыл сайын жұмыстағы жайсыздық, қолайсыз жағдай себептерінен 900 мыңға жуық адам мезгілсіз дүниеден өтеді. Халықаралық еңбек ұйымының ақпараты осындай. Әрі соның кесірінен әлемдік экономика 1,37% шығынға ұшырайды екен. Жәй есепке салсақ, кемі 1,5 триллион АҚШ доллары көлеміндегі ақша құмға сіңген судай жоқ болады. Бұл дегеніміз бес Қазақстанның ЖІӨ-і!
 Сонымен қатар, жүзмыңдаған адамның өміріне келген залал ақшамен өлшеуге келмейтіні және бар.
 Жұмыстағы жайсыздық, қолайсыздық дегенде не меңзелген? Басшылықтың қысымы, артық жұмыс істету немесе істеу, шеткерілету, қырындап мазалау және т.б. қамтиды. Сондай себептер адамның көңіл-күйін түсіреді, ұйқысын бұзады, шаршаңқылықты арттырады, депрессияны, бойдағы үрейін күшейтеді. Айналып келгенде, адамды да, жұмыс үдерісін де бұзады, артқа тартады.
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0