7-қыркүйек. Turaninform. Ғалымдар шыбынның миына зерттеу жасап, қызықты да таңғаларлық ғылыми жаңалық ашты. Cell журналында жарияланған материалға сәйкес, еркек және ұрғашы шыбынның ми жасушалары 95% ұқсас болып шыққан. Дегенмен қалған 5%-ының өзі бір-бірін әжептәуір ерекше етіп отыр. Мысалы, бір ғана ерекшелігіне тоқталайық: шыбынның еркегі ұрғашысын қарату үшін кәдімгідей тер төгеді екен. Шығарған дыбысы, яғни “әуені”, билеген биі көзі түскен ұрғашысының көңілінен шықпаса немесе көбеюге құлықсыз болса, маңына да жолатпайтын көрінеді…
Осылайша, шыбынның жаратылысы ғылыми, техникалық, технологиялық жаңаруға өз себін тигізетін түрі бар.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР