8-қараша. Turaninform. Еліміздегі денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүргендердің бір бөлігіне қатысты айтылар сын аз емес. Демек, медицинаны білімді де, білікті кадрлармен қамтамасыз ету ісі әлі күрделі мәселе болып тұр.
«Қазір біз айтқандай, жалпы түлектердің 23%-ын ауылдық жерлерге жіберуіміз керек. Тамара Қасымқызы (денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі. – АА), сіз біздің ауылға жіберген адамдарымыздың онда қаншасы қалатыны, оларға онда қандай жағдай жасалатыны туралы ештеңе айтпадыңыз. Олар сол жерлерде медициналық көмек көрсете алуы үшін қажеттінің бәрі бар ма, олардың қаншасы қайтып оралады, неге қайтып оралады және одан кейін олар қайда кетеді? Бұл аса маңызды мәселе, оны назарда ұстауымыз қажет» (primeminister.kz), депті ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев үкімет жиналысында. Сонымен қатар, жиында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев тиісті министрлерге педиатрия факультеттерін қайтадан ашуды тапсырған.
Ауыл тұрғындары еліміздегі бүкіл халықтың 40%-дан астамын құрайды. Оларды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етпей тұрып, еліміз бойынша денсаулық сақтау саласында кешенді істер атқардық дей алмаса керек…
ПІКІРЛЕР