16-қараша. Turaninform. Пекинде өткен Жазғы Олимпиялық ойындарда алған медальдарымыздың саны тағы да қысқармақ. Себебі, қазақстандық кей спортшылар тыйым салынған препараттар қолданған көрінеді. Бұл жолы Халықаралық Олимпиялық комитет 2008-жылы өткен жазғы Олимпиадада жүлдегер болған үш қазқстандық спортшының көрсеткен нәтижесін теріске шығарып, наградаларын қайтару туралы шешім шығарған. Олар – қазақстандық ауыр атлетшілер – Ирина Некрасова (күміс, 63 кг), Мария Грабовецкая (қола, +75 кг), сонымен қатар, грек-рим күресінен Әсет Мәмбетов (96 кг, қола).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінде бұл туралы тағы да мәлімдеме жарияланды. Мұның алдында Пекин Олимпиадасының жүлдегері Таймураз Тигиевтің (күміс) нәтижесін терістеп, медальды қайтаруын тиіс ететін шешім шығарған еді.
2008-жылы өткен Пекин жазғы Олимпиялық ойындарынан еліміз кезінде 2 алтын, 4 күміс, 7 қола алды деп есептелді. Енді 2 күміс, 2 қолаға азайды. Дегенмен, әлі де болса, жалпы есепте бұрынғы 29-орыннан таймағандаймыз. Бірақ, әзірге…
ПІКІРЛЕР