10-желтоқсан. Turaninform. Франция астанасы – Парижден 50 шақырымдай қашық жердегі Мант-ла-Жоли қаласынан бомба табылыпты. Құрылыс алаңынан табылған бомба – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіне жатады екен! Бұл туралы Le Figaro басылымына сілтеме жасай отырып, segodnya.ua хабарлады.
Бомба салмағы 500 кг, ал, жарылғыш заты 200 кг екен! Қауіпсіздік күштері 3000 тұрғынды зиян тимейтіндей жерге уақытша көшіріп, ондаған көшелерді жауып, көлік жүрісін уақытша тоқтатыпты. Бомба шамамен 15.30-да табылса, оны зиянсыз ету 22.00 шамасына дейін созылған.
Екінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы мұндай да, басқа да жарылғыш заттар ТМД көлемінде де кездесіп қалып жатады…
ПІКІРЛЕР