Қызылорда облысында алғашқы медициналық­-санитарлық көмек көрсету желісі мамандармен 95% қамтылды

Қызылорда облысында алғашқы медициналық­-санитарлық көмек көрсету желісі мамандармен 95% қамтылды

Қызылорда облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісі 379 адамға толықты. Жыл басында медицина мамандарымен қамтылу 87 пайызды құраған (328). Есепті мерзімге дейін алғашқы медициналық-сараптамалық көмек көрсету желісіне 32 жас маман тартылып, қызметкерлер саны 95 пайызға жетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

– Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дәрігерлері мен медбикелердің саны 1:3 сәйкестігіне келтірілді. Сонымен бірге дәрігерлік аймақтарда тіркелген халық санын 2200-ден 1800-ге дейін, ал 2019 жылға қарай 1500-ге дейін азайту жоспарлануда. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында 34 жаңа жалпы дәрігерлік аймақ ашылатын болады,- деді Ақмарал Әлназарова.

Облыстағы барлық медициналық мекемелерде емделушілерді қолдау қызметі құрылған. Кезекке тұруды азайту және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының тіркеу жұмыстары іске қосылды. Жүйе әкімшілігі қызметі енгізілді, ірі емханаларда емделушілердің реттілігін бақылау үшін арнайы бейнекамералар орнатылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0