Күн, жел энергиясы өндірісі арту үстінде

Күн, жел энергиясы өндірісі арту үстінде

24-желтоқсан. Turaninform. Күн көзінен, желден алынатын энергия көлемі артып келеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, былтыр осындай балама қуат көздерінде өндірілген энергия көлемі көмір станцияларының өндіргенінен асыпты! Бұл туралы oilru.com хабарлады. Былтыр Жер жүзі елдері орны толатын табиғи қуат көздерінен (Күн, жел) 150 гигаватт энергия өндірген. Әрине, бұл, энергия өндірісінде алдыңғы үштікке тұрған Қытай, АҚШ мемлекеттерінің әрқайсысы өндіретін қуаттың 1%-ына да жетпейді. Дегенмен бірнеше жыл бұрынғыдан көп әрі алдағы жылдарда да дами түсетіндей.

Орны толатын осындай «Жасыл энергия» өндірісі АҚШ, Қытай, Үндістан, Еуропаның бірқатар елдерінде жақсы қарқынмен дамуда. Ал, Күн көзінен энергия өндіру бойынша, Германия, Қытай, АҚШ, Италия секілді елдер алдыңғы ондықта.

Еліміздің географиялық орналасуы бізге де орны толатын осындай табиғи байлықтарды өндіруге мүмкіндік береді. Тек тиімді пайдалансақ…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0