6-қаңтар. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. АҚШ президенті Барак Обама соңғы жолдауын жария етті. Онда халықаралық та, ішкі саясат та, экономика да т.б. қозғалды.
«…Американың жаңа іргетасын қаладық деп мақтанышпен айта аламын» деді ол. АҚШ экономикасын «әлемдегі ең қуатты да берік» деп те атады. Сөз жоқ, шынында аталған елдің экономикалық көлеміне, қуатына әлі еш мемлекет жете алар емес. Жақын жылдары жетеді деген Қытай аздап «болдырып» қалғандай. Бұрынғы қарқынымен салыстырғанда. Мысалы, АҚШ-тың ЖІӨ-і былтыр $18 трлн. 558 млрд. 13 млн болған. Екінші тұрған Қытайдың ЖІӨ-і 11 трлн. 383 млрд. 03 млн. Айырма 7 триллионнан еркін асып тұр! Демек, айтатынындай бар. Ауызтолтырып айтар жетістік.
Сонымен қатар, АҚШ-тың халықаралық саясаттағы ықпалын сөз еткенде Ресей мен Қытайға тиіп кететін пікір де айтылды. «Халықаралық мәселе сөз бола қалса, әлемнің барша адамдары жетекшілікке Пекин немесе Мәскеуді іздемейді, бізге хабарласады» деді АҚШ басшысы.
Осылайша АҚШ-тың 44-президенті Барак Обама да осы айда Дональд Трампқа биліктегі орнын босатып, қатардағы азамат болмақ…
Фото whitehouse.gov-тен алынды
ПІКІРЛЕР