НАТО Ресейге жауап ретінде Шығыс Еуропа мен Балтық жағалауы елдеріндегі әскери күшін арттыруда

НАТО Ресейге жауап ретінде Шығыс Еуропа мен Балтық жағалауы елдеріндегі әскери күшін арттыруда

17-ақпан. Turaninform. НАТО Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы елдеріндегі әскери күштерін арттырып келеді. Мысалы, соңғы шамамен бір ай уақытта Польшаға, Эстонияға, Литваға, Румынияға жаңа жасақтар мен әскери техникалар жіберді.

Эстонияға 50-­ден аса ауыр техника (оның ішінде Abrams M1A2 танкісі мен 15 Bradley әскери машинасы бар) жеткізілсе, Румынияға M1 Abrams атты 15 танк пен АҚШ­-тың 500 әскері әкелінген. Өткен айда Польшаға АҚШ-­тың әскери техникасы мен 3-­танк бригадасының 250 сарбазы енгізілген еді. Бір АҚШ-тың өзі Шығыс Еуропаға 2000-дай танк жіберген.

Мұны НАТО, Ресейдің әскери саясатына жауап ретінде жасап жатқанын мәлім етті. Ресей де батыс әскери округын пысықтады. Ендігі қадам қалай болатыны екі жаққа да байланысты.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0