Барак Обаманы Франция президенттігіне «үміткер» ретінде ұсыну үшін қол жинауда…

Барак Обаманы Франция президенттігіне «үміткер» ретінде ұсыну үшін қол жинауда…

4-наурыз. Turaninform. Барак Обаманы Франция президенттігіне ұсынуға қатысты петиция жүруде екен. Оған қол қойғандардың саны шамамен 40 000-дай болыпты! Тіпті Париж көшесінде Барак Обаманың билборды да ілінген делінеді. Бұл туралы segodnya.ua хабарлады.

Барак Обаманың «науқанын» ұйымдастырушылар не үшін АҚШ-­тың экс­-президентін «үміткер» ретінде ұсынып отыр? Себебі, қазіргі Франция президенттігіне үміткерлер олардың көңілінен шықпайды екен. Ал, Францияны «ояту» үшін Б.Обаманың тәжірибесі жеткілікті дейді. «Барак Обама осы жақында ғана АҚШ-­тағы екінші президенттік мерзімін аяқтады, олай болса, Франция президенті етіп неге жалдамасқа?» делінген…

Заң бойынша, шетелдік азамат Франция президенттігіне үміткер бола алмайды.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0