Е.Сағадиевтің мұғалімдердің жалақысы төмендігімен келіскенінен не пайда?..

Е.Сағадиевтің мұғалімдердің жалақысы төмендігімен келіскенінен не пайда?..

15-наурыз. Turaninform. Мұғалімдердің жалақысына қатысты әңгіме аз айтылған жоқ. Мәселе ретінде сан мәрте көтерілсе де, оңатын түрі байқалмайды. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің өзі мұғалімдер жалақысының төмендігімен енді «келісуде». Ол: «Мен мұғалімдердің жалақысы төмен екенімен келісемін. Біз бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Бұрын айтқанымыздай,  білім саласындағы барлық жаңалықты, соның ішінде қаржы саласындағы мәселені де ұстаздар қауымымен, үкіметпен және Мәжіліспен бірлесіп талқылау керек. Біз 2017 жылы мұғалімдердің жалақысын сағаттар санын қысқарту есебінен, жалпы алғанда, балабақшаларда, мектептерде және ЖОО-ларда жекеменшік секторды кеңейту есебінен көтере аламыз деп үміттенеміз» (bnews.kz) деді. Әлі алдымен «талқылау керек», сосын «үміттенеміз»… Сөйтіп, жүргенде жаңа министр келіп, қайтадан «келісіп, талқылап, үміттену» үдерісі жалғаспайды деп кім кепілді береді?

Мұның сыртында мұғалімдерді сайлау басқа да шара кезінде әкімдіктің, басқармасының жұмсайтыны және бар. Ал, осындай жұмсау жағын тоқтатып, әлеуметтік, қоғамдық мәртебесін көтеру мәселесін қашан «талқылау керек». Іс жүзіне қашан асады?.. Мұғалімдер қауымының өз қоғамдық белсенділіктері артпай, мәселелері тезірек шешілмейді­-ау…

Фото primeminister.kz-тен алынды 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0