16-наурыз. Turaninform. АҚШ барлаушылары Джорджия штатындағы Әскери теңіз күштерінің базасы орналасқан жерден 23 миль (1,6км – АҚШ) қашықтықта Ресейдің тыңшылық етуге, барлауға арналған «Виктор Леонов» атты кемесін байқапты. Бұл бірінші рет емес екен. Өткен айда да АҚШ тарапы көріпті.
Дегенмен АҚШ бұған аса бір қауіппен қарамапты. Ұлттық қауіпсіздігіне қандай болсын қауіп-қатер туғызбайды деп санайды. Себебі, АҚШ тарапы, ресейлік кемедегі тыңшылыққа арналған электронды құралжабдықтар ескі, сондықтан да бар болғаны Ресейдің техникадан артта қалғанын паш ететінін мәлімдеген.
Фото: shipspotting.com-нан
ПІКІРЛЕР