Майк Тайсон ресейлік журналистке: “Украинадан көздеріңді құртыңдар!”. Мұны айтқанына да 3 жылдай болды. Ал, Ресей кететін де, қоятын да емес.
АҚШ-тың белгілі саясаттанушысы Збигнев Бжезинский Польшаға, Балтық жағалауы елдеріне ықпал етуден айырылған Ресей енді Украинаны уыстан шығарып алса, еуразиялық империя, держава болудан қағылады дегенге саятын ой түйеді. З.Бжезинский мұны Украина-Ресей арасындағы осы кикілжің, суық та қанды саясат орын алмай тұрғанда жазған. Осы ойға салсақ, Ресей әзір тоқтай қоймайтындай, егер… Бұл бір. Екіншіден, Украинаның осы жағдайға ұшырауы, геосаяси тартыстың нысаны болып қалуы – В.Янукович және сол сияқты саясаткерлердің қателіктері, сатқын да шолақ саясатының нəтижесі. Үшінші, төртінші деп жалғастыра беруге де болады…
Бастысы, Украинаның тарих алдындағы дәл осы əрекеті әділ де адал. Таза да қасиетті. Себебі, отарлыққа қайта оралуға қарсы əрекет. Тәуелсіздік үшін! Елінің тұтастығы үшін! Әттең, мыңдаған адамдардың қаны төгілмейтін, экономикасын бүлдіруге, бұзуға жол бермейтін, жер тұтастығын сақтай отырып, ресейлік отарлау саясатынан қашықтау жолымен Украинаны жүргізбеді немесе саяси жүйесі жүрмеді…
Құрманғали Қалмахан
ПІКІРЛЕР