Парагвайда наразылыққа шыққандар парламентті басып алып өртеген

Парагвайда наразылыққа шыққандар парламентті басып алып өртеген

1-сәуір. Turaninform. Наразылық Парагвайда осы аптада басталған. Туу себебі, мемлекет басшысының президенттік сайлауға екі рет түсуіне рұқсат беруге қатысты. Ал, наразылықтың өрши түсуіне ел парламенті – Конгресстің жоғары палатасында (Сенат) Парагвай мемлекетінің басшысы Орасио Картестің президенттік сайлауға қайта түсуін қолдайтындардың көп дауыс алуы әсер етті.

Қарсылық білдірген жұрт парламентті басып алған. Өртеген. Парагвай астанасы – Асуньсонда ғана емес, басқа да қалаларда наразылық жүріп жатыр екен.

Парагвай президенті Орасио Картес билікке 2013-жылы келген. Бұл мемлекетте президентті бір рет бес жылға сайлайды.

Дегенмен Парагвай тарихында елін ұзақ басқарған билеуші болған. Ол – диктатор Альфредо Стресснер. Альфредо 1954-1989 жылдар аралығында билеген. Тым ұзақ билік еткені көрініп тұр. Содан халқы әбден тойған болар. Сондықтан да қайтадан диктатуралық жолға түскісі келмейтіні аңғарылады…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0