Қазақстан мен Израиль ауыл шаруашылық бойынша Жол картасына қол қойды

Қазақстан мен Израиль ауыл шаруашылық бойынша Жол картасына қол қойды

Елбасы тапсырмасына сәйкес ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Израиль Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды.

Делегация құрамында мемлекеттік орган, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы және «ҚазақстанИнжиниринг», «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компанияларының өкілдері бар.

Жұмыс сапарының басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АӨК-ке шетелден инвестиция тарту бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу.

А.Мырзахметов Израиль мемлекетінің ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрі, Кнессеттегі «Еврей үйі» партиясының депутаты Ури Ариэлмен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы келісімге сәйкес 2017-2018 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасу бойынша Жол картасына қол қойды.

Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында коммерциялық негіздегі демонстрациялық фермалар құру бойынша Декларацияға қол қойылып, олардың кешенінде ауыл шаруашылығының әр алуан бағыттары бойынша технологияларды таныстыру талқыланады.

Сондай-ақ, делегация мүшелері ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялармен айналысатын «Volcani center» ғылыми-зерттеу институтына барды. Мұнда біріккен зерттеулер мен жас мамандарды даярлау мәселелері қаралды.

Израиль – балғын өнімдерді сыртқа шығаратын ірі экспорттаушылардың бірі және ауыл шаруашылығы саласы бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады.

Инвестиция тарту және отандық өнімдерді экспорттау үшін «дөңгелек үстел» форматында израильдік агробизнес өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарда бар.

Тағы бір айта кетерлік жайт, тәжірибе алмасу үшін делегация мүшелері «Гранот» ауыл шаруашылығы кооперативі мен Су ресурстарын үнемдеу және басқару компаниясы жұмысымен танысады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

 Түпнегіздегі тақырып: Қазақстан мен Израиль ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық бойынша Жол картасына қол қойды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0