АҚШ Солтүстік Кореяны қазір тоқтатпаса, ертең қауіп өседі…

АҚШ Солтүстік Кореяны қазір тоқтатпаса, ертең қауіп өседі…

АҚШ­-пен ядролық соғысқа дайын екендігін КХДР мәлім еткені белгілі. Бірақ, ядролық оқтұмсығы бар зымырандарының ұшу қашықтығы қандай? АҚШ территориясына жете ме? Сарапшылар Солтүстік Кореяда 50-100 арасында баллистикалық зымыран бар дейді. Нодон-1, Нодон-2 және Тэпходон-1 деп аталатын зымырандардың ішінде соңғысы алдыңғы екеуімен салыстырғанда жүздеген шақырым алысқа ұшады. Үшеуі де соғысқа сайма-­сай тұрған көрінеді. Дегенмен үш түрі де АҚШ территориясына жете алмайды. Егер, мәлімет шын болса… Мәселен, ең алысқа ұшатын Тэпходон-1 зымыранының өзі 2000 шақырымдық қана.

Бірақ, ұзынқұлақтар Тэпходон-2 зымыраны қағаз жүзінде дайын дейді. Егер, беті әрмен, іске асырып, пайдаланса, біраз елдің «саудасын бітіруі» мүмкін. Өйткені, аталған зымыранның қамту радиусы шамамен 4 000-6000 шақырым екен! Кей БАҚ-та 4 000-8 000 шақырым аралығын қамтиды деп те жазылған. Мұндай жағдайда АҚШ та тырп ете алмайды. Себебі территориясына еркін жетеді. Басқа амалын таппаса…

Сондықтан АҚШ қана емес, әлемдік қауымдастық КХДР­-дің 4 000-8 000 шақырым шамасына ұшатын келесі бір зымыранды жасатпауға бар күшін салуы тиіс. АҚШ президенті Д. Трамптың тарапынан қарқынды әрекет бар. Қытай билігі де КХДР-­ді қыспаққа алуда. Ресейлік билік болса, кері тартып әлек. Қалай дегенмен, АҚШ мемлекетінің Солтүстік Кореяға қатысты осы қатал саясаты жөн әрі сондай зымыранды жасатқызбаса, тоқтата алса – өзіне ғана емес, Жер жүзінің басқа да елдері үшін игілік болмақ…

 Құрманғали Нұрғалиев

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0