Джефф Хорннан әйгілі Мэнни Пакьяо жеңілді

Джефф Хорннан әйгілі Мэнни Пакьяо жеңілді

2-шілде. Turaninform. Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, филиппиндік Мэнни Пакьяо австралиялық Джефф Хорннан жеңіліп қалды. Төрешілер есебі: 117-111, 115-113, 115-113. Екеуінің кездесуі Австралияда өткен еді.

Джефф бірінші раундта­-ақ Мэнниді тықсыра бастады. Ал, Пакьяо тоғызыншы раундта шабуылды арттырып, джеб, хук соққылары дәл тиді. Бұл раундта айқын басымдығы байқалып қана қойған жоқ, тіпті автралиялық боксшы сәл болмағанда, техникалық нокаутқа түсіп қалатындай көрінді. Дегенмен, кейінгі раундтарда Джеффтің шабуылы көбірек болды. Бірақ, австралиялық боксшының жеңісі Мэннидің әлсірегенін тағы байқатты. Әйтпесе, Джефф Хорн үздік боксшы емес. Сондықтан да чемпиондықты ұзақ ұстап тұра алмайтындай.

Сонымен М. Пакьяоның бұл жетінші жеңілісі. 68 рет кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, соның 59-ын жеңіспен аяқтады. 38-і нокаут. Екеуінде тең түскен. Ал, Джеффтің кәсіпқой бокста енді 17 жеңісі бар. Оның 11-ін нокаутпен ұтқан. Біреуінде тең түскен.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0