Башар Асад бейнесі бар банкнот шықты немесе әкесінен «құнды» диктатор

Башар Асад бейнесі бар банкнот шықты немесе әкесінен «құнды» диктатор

4-шілде. Turaninform. Қанды қырғынның басталғанына алты жылдан асып, оның негізгі кесірлі себебі, диктаторлық басқару мен тоталитарлық саяси жүйе болса да Сирия билігі әлі сабақ алмапты. Соның бір белгісі – Сирия президенті саналатын Башар Асадтың бейнесі бар банкноттың шығарылуы.

Сирия Орталықбанкі айналымға шығарған Б. Асад бейнесі бар 2000 фунттық купюраға дейін 1000-дық ақша ірісі болған. Онда 1971-­2000 жылдар аралығында Сирияны билеген диктатор, Башардың әкесі Хафез Асадтың бейнесі салынған еді. Енді ең ірі купюрада баласы Башар бейнеленді. Осылайша, Башар Хафезден «құнды» болып шықты.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0