Әйел кісі намазын жалаң аяқ оқыса бола ма?

Әйел кісі намазын жалаң аяқ оқыса бола ма?

Қыз баласының намазды жалаң аяқ оқуына қатысты не айтылған? Жалаң аяқ оқысам намазым бұзылмай ма? Қарлығаш.

Құрметті Қарлығаш, ғалымдарымыз бұл жайында екі көзқарас білдірген. Бірінші көзқарас бойынша әйел кісінің намазда аяғы да (тобықтан төменгі тұсы) жабылуы тиіс. Ашық болса, намазға кедергі.

Екінші көзқарастағылар «аяқ әурет емес, намазға кедергісі жоқ» дейді[1]. Өйткені Құран аятында: «Өздігінен көрінген жерлер басқа» делінген. Аяқтың тобықтан төменгі жері де өздігінен көрінетін әрі әрдайым жабық жүруі қиынға соғатын жерге жатады. Бұл Әбу Ханифа және көпшілік ханафи ғұламаларының қабыл еткен тұжырымы.

Қорытындылай келе айтарымыз: Мүмкіндік болып жатса, әйел кісі намазын жалаң аяқ оқымағаны абзал. Бұл бір шетінен тақуалыққа жақын. Екіншіден Пайғамбарымыздың мына хадисіне сай:

Бірде Үмму Сәләмә Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Әйел адам намаз оқығанда изарсыз (белінен төменгі жағын орап жабатын киім) тек басындағы орамалмен және ұзын көйлекпен оқыса бола ма?» – деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Егер көйлек аяғының үстіңгі жағын жауып тұратындай ұзын әрі кең болса (وَالدِّرْع السَّابِغ), онда болады – деген екен[2].

Жалаң аяқ оқыған әйел кісінің де намазы дұрыс.

[1] Бахрур райқ – Шурутус сала – 1/470 бет; Құтлубаға: Тасхих 499 бет.

[2] Әбу Дәуід: Китабус сала – Бәбу фи кәм тусалли әлмар-ә – №621

 muslim.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0