21-тамыз. Turaninform. Қытай құрамына енетін Гонконгтағы мыңдаған адамның наразылығы «Қолшатыр төңкерісі» белсенділерінің түрлі мерзімге сотталуына білдірген қарсылығы еді. 17-тамызда Гонконг соты «Қолшатыр төңкерісінің» үш саяси белсенді студенттерін түрлі мерзімге соттаған болатын.
Гонконг Қытай құрамына енсе де, «Бір ел – екі жүйе» саясатымен басқарылады немесе біршама демократиялық артықшылығы бар болатын. Дегенмен, Қытай билігінің Гонконгтағы сайлау ісіне қатысты соңғы жылдардағы шешімі, бейбіт наразылыққа қарсы күш қолдануы – гонконгтықтардың демократиялық еркіндігін, азаматтық құқықтарын шектей бастағанын білдіреді…
ПІКІРЛЕР