27-қараша. Turaninform. Әлем бойынша бал экспортынан былтыр Қытай бірінші орында болыпты. Тіпті өзінен кейін тұрған Аргентинадан әжептәуір озық тұр. Мысалы, Қытай 2016-жылы 128, 3 мың тонна, ал, Аргентина 81,2 мың экспорттаған. Дегенмен Қытай экспорты 2015-жылмен салыстырғанда, 11%-ға төмендесе, керісінше, Аргентинада тиісінше 78 %-ға артқан!
Ал, бал экспортының көлемі бойынша ондықта төмендегі елдер тұр (2016 ж., мың тонна):
- Қытай – 128, 3 мың;
- Аргентина – 81,2 мың;
- Украина – 57 мың;
- Үндістан – 35,8 мың;
- Мексика – 29,1 мың;
- Испания – 27, 7 мың;
- Бразилия – 24,2 мың;
- Германия – 23,6 мың;
- Бельгия – 20,8 мың;
- Канада – 17,9 мың;
ПІКІРЛЕР