3-қаңтар. Turaninform. Елімізде осы қыста көмір тапшылығы айқын байқалды. Көмірді өз еліміз өндірсе де. Тіпті көмір көп өндірілген. Мәселен, 2016-жылмен салыстырғанда, көмір өндірісі 4,8 млн тоннаға артық немесе былтырғы қаңтар-қараша айларында 95,9 млн тонна өндіріліпті. Соның өзінде де әжептәуір тапшылықтың орын алғаны қисынға келмейді.
Есесіне, 2017-жылы көмір бағасы 27,6%-ға қымбаттапты! Көмір өзіміздікі. Олай болса, жасанды тапшылық жасалды ма, қымбаттауға негіз болған не т.б. тиісті сауалдар да жұртты мазалайды.
ПІКІРЛЕР